Шолу
Тау-кен инженерлері тау-кен компанияларында жұмыс істейді. Тау-кен инженерлері кеніштен пайдалы қазбаларды өндіруді және тасымалдауды қамтитын тау-кен жұмыстарын ұйымдастыруға және басқаруға жауапты.

Тау-кен инжиниринг саласындағы ғылым магистрі тау-кен жұмыстарын жобалай алатын, жүргізетін және басқара алатын инженерлерді даярлауға бағытталған екі жылдық бағдарлама. Сонымен қатар, бағдарлама тау-кен өнеркәсібіне экологиялық таза және үнемді тау-кен өндіру үшін қажетті зерттеу дағдылары мен білімдерін дамытуға бағытталған.
Оқу барысында студенттер жергілікті тау-кен тәжірибесін және оларды халықаралық стандарттарға қалай бейімдеуге болатынын үйренеді. Оқу бағдарламасы тәжірибеге бағытталған, біздің түлектер саланың жергілікті және жаһандық қажеттіліктеріне тез бейімделіп, алған білімдерін Қазақстан Республикасының тау-кен өнеркәсібіндегі, сондай-ақ бүкіл әлемдегі жобаларға қолдана алады.
Жалпы ақпарат
  • Кампус : Астана, Қазақстан
  • Тілі: Ағылшын тілі
  • Оқыту нысаны: Күндізгі оқу, кампуста
  • Ұзақтығы: 2 жыл
  • ECTS кредиттердің жалпы саны: 120
Бағдарламаның мақсаттары
Бағдарлама мектебінің миссиясын мақсат қою арқылы көрсетеді:
  • Студенттерді тау-кен өнеркәсібі үшін қажетті озық деңгейдегі ғылыми дағдылармен және білімдермен қамтамасыз ету.
  • Инженерледі тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде өзінің талдамалық, зияткерлік және сыни ойлай білу дағдыларын пайдалану жолымен күрделі инженерлік міндеттерді шешуге дайындау.
  • Студенттерді ең жаңа ғылыми құралдармен және әдістермен қамтамасыз ету.
  • Табиғи ресурстарды қауіпсіз, экологиялық қамқорлықпен және экономиялық дұрыс баралауы мен өндіруін қамтамасыз ету үшін білім мен технологияларды кеңейту мақсатында зерттеуді жүзеге асыру.
Негізгі артықшылықтар:
  • Түлектердің 95%-ы оқуын аяқтағаннан кейін 1–2 ай ішінде жұмысқа орналасады
    1
  • KazMinerals, ERG, Kazzinc және басқа да жетекші компанияларда тағылымдамадан өту
    2
  • Қазақстан бойынша нақты кен орындары мен жерасты шахталарында практикалық тәжірибе
    3
  • Заманауи зертханалар мен салалық бағдарламалық қамтамасыз етуге қолжетімділік: Datamine, Micromine, Rocscience
    4
  • Белсенді студенттік қауымдастық, байқаулар мен халықаралық конференцияларға қатысу
    5
  • Тау-кен ісіндегі цифрлық трансформация мен автоматтандыруға (робототехника, жасанды интеллект, модельдеу) ерекше назар аудару
    6
Бағдарлама бойынша оқыту нәтижелері
Бағдарламаны сәтті аяқтаған түлектер:
  • Тау-кен инжинирингі саласында күрделі міндеттерді шешу үшін ғылыми, инженерлік және технологиялық қағидаттарды ілгерілетілген деңгейде қолдану.
  • Тау-кен өндіру саласында және сабақтас салаларда іргелі және өзекті мәселелерді сыни талдау және жаңа болжамдар ұсыну.
  • Тау-кен өндіру жұмыстарын талдау және жоспарлауды, жобалауды, басқару мен жүргізуді практикада жүзеге асыру.
  • Кен орнының техникалық-экономикалық негіздемелерін үшін тау-кен ісінде пайдаланылатын бағдармалық қамтамасыз етудің қолжетімді ақпараттық технологиялары мен құралдарын қолдану.
  • Зерттеу проблемасын айқындау, оны шешу мақсатында тиісті зерттеу әдісін әзірлеу және іске асыру, сонымен қатар нәтижелерді қағаз нысанында да, сондай-ақ таныстырылым түрінде де ұсыну және қорғау.
  • Пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі жобалардың экономиялық, құқықтық, әлеуметтік, этникалық және экологиялық аспектілерін бағалау және басқару.
  • Дербес және команда құрамында коммуникация құралдарының тиімділігін арттыру.
Не үйренесіз?
  • Кен орындарын жетілдірілген жобалау және желдету
    Ашық және жер асты жұмыстарын жоспарлау мен желдету жүйелері бойынша терең дайындық.
  • Геостатистика, геомеханика және туннель салу
    Қолданбалы геостатистика, жартас механикасы және туннель жүргізу бойынша курстар.
  • Тау-кен робототехникасы және автоматтандыру
    Қазу, бұрғылау және мониторинг процесстерін автоматтандыруға кіріспе.
  • Ғылыми жұмыс және диссертация
    Тау-кен саласындағы нақты мәселелерді шешуге арналған зерттеу жобалары.
  • Бағдарламалық қамтамасыз етуді кеңінен пайдалану
    Жобалау, модельдеу және талдау үшін тау-кен бағдарламаларын қолдану.
Оқу жоспары
1-оқу жылы. Күзгі және көктемгі семестрлер (30 ECTS)
Жазғы өндірістік практика
2-оқу жылы. Күзгі және көктемгі семестрлер (30 ECTS)
Элективті курстар
  • MINE 606 - Underground Hard Rock Geotechnical Engineering
  • MINE 604 - Geology of Ore Deposits
  • MINE 603 - Multivariate Geostatistics
  • MINE 605 - Mechanized Excavation and Tunnelling
Негізгі модульдер
Негізгі модульдердің тізімі
Элективті курстар
Түлектер қайда жұмыс істейді?
  • Мансап мүмкіндіктері
    • Тау-кен инженері
    • Тау-кен жұмыстарын жоспарлау жөніндегі инженер
    • Ашық әдіспен кен өндіру инженері
    • Жерасты әдісімен кен өндіру инженері
    • Тау-кен өндірісін пайдалану немесе өндірістік үдерістер жөніндегі инженер
    • Минералдық шикізатты өңдеу инженері
    • Минералдық ресурстарды бағалау жөніндегі инженер
    • Бұрғылау-жару жұмыстары жөніндегі инженер
    • Тау жыныстары механикасы немесе геотехника инженері
    • Шахталарды желдету жөніндегі инженер
    • Маркшейдерлік іс және ГАЖ жөніндегі инженер
    • Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және тәуекелдерді басқару жөніндегі инженер
    • Қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму жөніндегі инженер
    • Қоршаған орта мәселелері жөніндегі кеңесші
    • Тау-кен жобаларының инженері
    • Тау-кен өнеркәсібі жөніндегі кеңесші
  • Қайда?
    Компанияларда:
    • KazMinerals
    • Kazzinc
    • RG Gold
    • Kazakhmys
    • Kazzinc
    • Solidcore resources
    • Altynalmas
    • SRK Consulting
    • ERG және басқа да компанияларда.
Қабылдау & Өтініш беру
Қабылдау
өтініш беру
Электрондық хат жіберіңіз:

Қабылдау сұрақтары
Қабанбай Батыр көшесі, 53,
Астана қаласы, Қазақстан Республикасы