Dean's Greeting
Nazarbayev University (NU) – Орталық Азиядағы жетекші жоғары оқу орны, әлемдік деңгейдегі ғылыми-зерттеу университеті ретінде мойындалуға ұмтылатын флагманды университет. Еуразия жүрегінде, Қазақстан астанасы – Астана қаласында орналасқан NU-дің басты ерекшелігі – меритократия қағидаттарына негізделген қабылдау жүйесі, мұнда студенттер алғашқы күннен бастап профессорлардың жетекшілігімен білім алып, ғылыми зерттеулерге қатысады. NU – бұл жай ғана жаңа оқу орны емес, бұл – жаһандану мен технологиялық прогресс дәуірінде түлектерді даярлауға бағытталған университет.
NU-да бакалавриат және магистратура бағдарламаларын ұсынатын сегіз мектеп бар: Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі; Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі; Медицина мектебі; Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебі; Жоғары бизнес мектебі; Жоғары білім беру мектебі; Жоғары мемлекеттік саясат мектебі; Дайындық мектебі.

Nazarbayev University-дің барлық мектептері әлемнің жетекші жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары және зертханаларымен стратегиялық әріптестікте жұмыс істейді. Олардың қатарында: Колорадо тау-кен ісі мектебі (АҚШ), Дьюк университеті (АҚШ), Сингапур Ұлттық университеті, Кембридж университеті (Ұлыбритания), Пенсильвания университеті (АҚШ), Питтсбург университетінің медициналық орталығы (АҚШ), Висконсин-Мэдисон университеті (АҚШ).


Nazarbayev University өзінің академиялық озықтығын халықаралық деңгейде дәлелдейтін маңызды жетістіктерге қол жеткізді. Times Higher Education (THE) World University Rankings 2025 рейтингінің 2024 жылғы 9-шы қазанда жарияланған деректеріне сәйкес, NU әлемнің ең үздік зерттеу университеттерінің 24–29%-ының қатарына енді. Бұл рейтингте 115 елден 2092 жоғары оқу орны бағаланып, NU 501–600 орындар аралығында орналасты. Бұл нәтиже тек Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азия университеттері арасындағы ең жоғары көрсеткіш болып табылады.


NU өз беделін одан әрі нығайта отырып, алғаш рет THE Young University Rankings 2024 рейтингіне енді. Бұл рейтингте 79 елден 673 университет бағаланып, NU 106-шы орынға ие болды. Сонымен қатар, университет THE Asia University Rankings 2024 рейтингінде де бар, онда NU 739 университет арасында 129-шы орынды иеленді. THE World University Rankings by Subject 2024 рейтингінде NU 22 пән бойынша тізімге енді, бұл университеттің академиялық бағдарламаларының кең ауқымдылығы мен сапасын көрсетеді. Бұған қоса, Shanghai Ranking әзірлеген Global Ranking of Academic Subjects 2023 рейтингінде NU-дің екі бағыты – телекоммуникациялық инженерия және электротехника мен компьютерлік инженерия – үздік пәндер қатарына кірді.


Құрметпен,

Профессор Essam Shehab

Инженерия мектебінің деканы
Миссиясы
Пайымдауы
Қазақстанда жоғары білім мен ғылым жүйесінде реформалар жүргізу моделі болып, Астананың инновациялар мен білімнің халықаралық орталығы ретінде қалыптасуына үлес қосу және студенттерді тұрақсыздық, белгісіздік, кешендік және көпмәнділігі ұлғайған өмірге дайындау
Келесі бағыттарға ұмтылатын әлемдік деңгейдегі жетекші университет болу:
  • әлемдік деңгейдегі зерттеулер, зерттеулерге негізделген білім беру, инновациялар және білім алмасу арқылы Қазақстанның және бүкіл өңірдің трансформациясын жеделдету;
  • жергілікті және өңірлік қауымдастықтармен маңызды серіктестіктерді дамыту;
  • студенттер үшін трансформациялық білім алу тәжірибесін және мазмұнды студенттік өмірді қалыптастыру.
Индустриялық серіктестік
Университетпен индустрия арасындағы ынтымақтастық білім мен жаңа технологияны пайдалануымен байланысты болғандықтан, Инженирия мектебі мен жергілікті және халықаралық университеттер, компаниялардың арасындағы серіктестік білім беру жүйесінің аса маңызды бөлігі болып табылады. Бұл серіктестік Мектеп студенттерінің индустрия талаптарына дайын болуына және студенттердің дағдылары мен білімі компаниялардың қоғамда алғыр болуына үлес қосады.
Бағдармалық Аккредиттеу
NU жоғары академиялық стандарттарға қол жеткізуге тырысады және өзінің бағдарламаларын беделі ең жоғары ұйымдардан аккредиттеуден өтуге басымдық береді.

Ағымдағы мәртебе: Мектеп білім беру бағдарламаларын ABET аккредиттеу талаптарына сәйкестендіру мақсатында қайта қарап, қазіргі уақытта деректерді жинау үдерісін жүргізуде.