Студенттердің тұрғын үй-жайы

Студенттердің тұрғын үй-жайы

Біз сіздерге Nazarbayev University жатақханасын – студенттердің өз әлеуетін ашуға және белсенді студенттік өмір сүруге жағдай жасайтын ортаны.таныстыруға қуаныштымыз.


NU жатақханаларында тұру және университеттің академиялық, спорттық және басқа да мүмкіндіктерін пайдалану студенттердің жеке тұлғалық дамуына ғана емес, сонымен қатар университет пен қоғамға пайдалы болашақ жетістіктерге шабыттандырады.

Жатақхана бөлмелерінің барлығы жайлы тұру үшін қажетті заттармен жабдықталған: төсек орын, үстелдер, шкафтар, тумбочкалар, Wi-Fi роутерлер және т.б. Сондықтан қосымша жиһаз алып келудің қажеті жоқ. Бөлмелердің өлшемі блокқа байланысты әртүрлі бола алады.


Көбірек білу

NU жатақханалары туралы қысқаша мәліметтер:

  • NU студенттерінің 80%-дан астамы кампуста тұрады.
  • Университетте 9 тұрғын блогы бар.
  • Әр блокта Резидент-ассистент және Блок менеджері қызмет етеді.
  • Бірінші курс студенттері әдетте 3–4 адамдық бөлмелерге орналасады. Кейінгі курстарда студенттер екі адамдық бөлмелерге көшеді.
  • Тұрғын блоктардың үш түрі бар: 7 қабатты, 10 қабатты және 12 қабатты ғимараттар.
Блоктарда медициналық кабинет, оқу бөлмелері, кір жуатын орындар, шағын маркеттер, сауда автоматтары, шаштараздар, асханалар және басқа да ортақ аймақтар бар.