Қысқаша шолу
Ұсынылып отырған «Химиялық инженерия және материалтану» білім беру бағдарламасы химиялық инженерия және материалтану салаларындағы инженерлерді даярлауға бағытталған. Бұл математика, жаратылыстану ғылымдары және химиялық инженерияның іргелі қағидаттары бойынша берік білім мен терең түсінік қалыптастыру, сондай-ақ қарқынды дамып келе жатқан материалтану саласында бірегей пәндер мен мамандану бағыттарын ұсыну арқылы жүзеге асырылады.

Бағдарламаны іске асыру барысында:
  • өмір бойы білім алу және мәселелерді өз бетінше шешу үшін қажетті дағдылар мен тәсілдерді дамыту мақсатында студентке бағдарланған оқыту қағидаттары қолданылады;
  • ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді қоса алғанда, қазіргі заманғы өндірістік тәжірибеге баса назар аудара отырып, теориялық білім мен практикалық дағдылар арасындағы теңгерімді сақтау көзделеді;
  • студенттер химиялық инженерия және материалтану саласындағы нақты шешімі алдын ала белгіленбеген күрделі мәселелерді шешу үшін заманауи құралдарды, мысалы, бағдарламалық симуляторлар мен заманауи талдамалық жабдықтарды меңгеріп, қолдану тәжірибесіне ие болады;
  • студенттерді өндірістік үдерістермен және нақты жұмыс ортасымен таныстыру мақсатында оқу пәндері аясында кәсіпорындарға сапарлар ұйымдастырылады;
  • студенттердің дербес зерттеу жүргізу дағдыларын белсенді дамыту және оларды тәжірибеде қолдануға мүмкіндік беру үшін зерттеуге негізделген оқытуға ерекше мән беріледі.
Сонымен қатар, бағдарламаның келесі ерекшеліктері қарастырылған:
  • Бағдарламаның үйлестіру комитеті құрамына өңірлік өнеркәсіп өкілдері, кәсіби қауымдастықтар және мемлекеттік органдар кіретін Консультативтік кеңеспен кеңесетін болады. Сондай-ақ бағдарлама аясында белсенді түлектер қауымдастығын дамыту жоспарлануда.
  • Ұсынылып отырған бағдарламаның оқу жоспары химиялық инженерия мен материалтанудың іргелі негіздерін, өнімдер мен үдерістерді жобалауды, молекулалық модельдеуді және өндірістік қондырғыларды модельдеуді, сондай-ақ экологиялық инженерия және биоинженерия секілді химиялық инженерия мен материалтануға байланысты басқа да бағыттарды қамтиды. Студенттер элективті пәндер мен «Зерттеу практикасы» курсы арқылы неғұрлым мамандандырылған білім ала алады. Бұл пәндердің сипаттамасы келесі бөлімдерде берілген.
  • Оқу жоспарына бір жылға арналған Capstone Project қорытынды жобасы енгізілген. Оның аясында студенттер топтық жұмыс тәжірибесіне ие болып, топ мүшелері ретінде ауқымды мәселелерді айқындауды және шешуді үйренеді. Қорытынды жобалар бұрын оқылған пәндерде меңгерілген білім мен дағдыларды мәселені тұжырымдау және шешу барысында біріктіріп қолдануды талап етеді.
  • Capstone Project аясында студенттер жазбаша жоба есебінен бөлек, ауызша және постерлік презентациялар ұсынуға міндетті. Оқытудың бұл түрі әр студенттің қызығушылықтарын, қабілеттерін және жеке оқу ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар студенттер жобалауға байланысты кәсіби этика және қауіпсіздік мәселелерін зерделеп, осы бағыттардағы құзыреттерін көрсетеді.
  • Қорытынды курс барысында студенттерге нақты өмірден алынған жобалау тапсырмалары ұсынылады. Студенттер жобаны әзірлеу кезінде тұжырымдамалық жобалауды, энергетикалық талдауды, қауіпсіздік мәселелерін және экономикалық бағалауды ескеруге міндетті.
  • Студенттер сондай-ақ әртүрлі инженерлік мамандықтардың білім алушылары бір командада жұмыс істеп, инновациялық инженерлік өнімдерді жобалау, талдау және өндірумен айналысатын пәнаралық жобаларға қатыса алады.
  • Оқу жоспарында ғылыми зерттеулерді білім беру үдерісіне кіріктіруге ерекше назар аударылады. Мұндай мүмкіндіктер студенттерге түрлі пәндер аясындағы оқу жобалары, сондай-ақ «Зерттеу практикасы» курсы арқылы ұсынылады.
  • «Химиялық инженерия және материалтану» бағдарламасы аясында студенттер ғылыми-техникалық әдебиеттерден деректер мен ақпарат жинауды, зерттеу әдістері мен инженерлік шешімдерді ұсынуды және әзірлеуді, сондай-ақ гипотезаларды тексеріп, қорытынды жасау үшін алған білімдері мен заманауи құралдарды — жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді — қолдануды үйренеді.
  • «Химиялық инженерия және материалтану» бағдарламасының студенттері әртүрлі халықаралық студенттік қауымдастықтарға қосыла алады. Назарбаев Университеті жанындағы Америка химиялық инженерлер институтының студенттік бөлімі — AIChE Student Chapter — өте белсенді студенттік ұйым болып табылады. Ол 2016 және 2017 жылдары қатарынан екі рет AIChE ұйымының «Outstanding» мәртебесіне ие болған.
  • Сонымен қатар студенттерге Мұнайшы-инженерлер қоғамы — Society of Petroleum Engineers, SPE — және Америка химиялық қоғамы — American Chemical Society, ACS — секілді басқа да кәсіби студенттік ұйымдарға қосылу ұсынылады.
  • Бұдан бөлек, студенттер қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған академиялық ұтқырлық және тағылымдама бағдарламаларының мүмкіндіктерін пайдаланады. Олардың қатарына АҚШ-тағы Висконсин–Мэдисон университеті және Буффало университетімен, сондай-ақ Қытай мен Корея Республикасының бірқатар университеттерімен жүзеге асырылатын бағдарламалар жатады.
  • Инженерия мектебі студенттердің конференцияларға қатысуына және өз зерттеулерінің нәтижелерін ұсынуына қаржылық қолдау көрсетеді. Мысалы, студенттер «Зерттеу практикасы» курсы немесе Capstone Project қорытынды жобалары аясында жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін конференцияларда таныстыра алады.
Жалпы ақпарат
  • Кампус : Астана, Қазақстан
  • Тілі: Ағылшын тілі
  • Оқыту нысаны: Күндізгі оқу, кампуста
  • Ұзақтығы: 4 жыл
  • ECTS кредиттердің жалпы саны: 248
Бағдарламаның мақсаттары
  1. Химиялық инженерия, материалтану немесе сабақтас салалардағы таңдаған кәсіби бағыты бойынша табысқа жету не болмаса тереңдетілген техникалық немесе кәсіби білім беру бағдарламалары бойынша оқуын жалғастыру.
  2. Тиімді көшбасшылық, коммуникация, командалық жұмыс және жаһандық әрі қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешудің шығармашылық тәсілдері арқылы өз кәсіби саласының дамуына үлес қосу.
  3. Инженерлік білімдерін қоғамдастықтар мен ұйымдардың денсаулығын, қауіпсіздігін, экологиялық және экономикалық әл-ауқатын қамтамасыз етуге үлес қосу үшін қолдану.
  4. Этикалық қағидаттар мен кәсіби жауапкершілікті сақтайтын, үздіксіз білім алуға, кәсіби дамуға және мансаптық өсуге ұмтылатын жауапты инженер немесе ғалым болу.
Негізгі артықшылықтар:
  • Пәнаралық білім беру
    Химиялық инженерияның іргелі негіздерін материалтану саласындағы мамандандырылған біліммен ұштастыру.
    1
  • Теориялық және практикалық дайындықтың теңгерімді үйлесімі
    Заманауи өндірістік тәжірибеге, ғылыми зерттеулерге және технологиялық әзірлемелерге бағытталған.
    2
  • Заманауи құралдармен жұмыс істеудің практикалық тәжірибесі
    Технологиялық үдерістерді модельдеуге арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді, зертханалық жабдықтарды және заманауи талдамалық құралдарды қамтиды.
    3
  • Кәсіпорындарға сапарлар мен тағылымдамалар арқылы өнеркәсіппен танысу
    Студенттерге өндірістік үдерістерді және нақты жұмыс ортасын түсінуге көмектеседі.
    4
  • Ғылыми зерттеулермен ықпалдастырылған оқыту
    Оқу жобалары, зерттеу практикасы, зертханалық жұмыстар және конференцияларға қатысу мүмкіндіктері арқылы жүзеге асырылады.
    5
  • Бір жылдық Capstone Project қорытынды жобасы
    Студенттер командада жұмыс істеп, технологиялық үдерістерді жобалау, энергия тиімділігі, қауіпсіздік, этикалық және экономикалық факторларды ескере отырып, нақты инженерлік міндеттерді шешеді.
    6
  • Халықаралық және кәсіби мүмкіндіктер
    Академиялық алмасу бағдарламалары, жазғы зерттеулер, тағылымдамалар, семинарлар, конференциялар және AIChE мен ACS сияқты студенттік ұйымдарға қатысу.
    7
Бағдарлама бойынша оқыту нәтижелері
Бағдарламаны сәтті аяқтағаннан кейін студенттер:
  1. Инженерия, жаратылыстану ғылымдары және математика қағидаттарын қолдану арқылы күрделі инженерлік мәселелерді анықтай, тұжырымдай және шеше алады.
  2. Қоғамдық денсаулық пен қауіпсіздікті, сондай-ақ мамандыққа сәйкес жаһандық, мәдени, әлеуметтік, экологиялық, экономикалық және басқа да факторларды ескере отырып, белгіленген талаптарға сай шешімдер әзірлеу үшін инженерлік жобалау үдерісін қолдана алады.
  3. Тиісті эксперименттерді әзірлеп, жүргізе алады, деректерді талдап, түсіндіре алады және қорытынды жасау үшін инженерлік пайымдауды қолдана алады.
  4. Өз идеялары мен өнімдерін сенімді түрде таныстырып, ілгерілету мақсатында техникалық мамандармен және кең аудиториямен тиімді қарым-қатынас жасай алады.
  5. Инженерлік қызметтегі этикалық және кәсіби жауапкершілікті түсініп, инженерлік шешімдердің жаһандық, экономикалық, экологиялық және қоғамдық жағдайларға ықпалын ескере отырып, негізделген шешімдер қабылдай алады.
  6. Жаңа білімді үнемі меңгеру қажеттілігін түсініп, тиісті оқу стратегияларын таңдай және алған білімдерін қолдана алады.
  7. Мақсаттарды белгілейтін, міндеттерді жоспарлайтын, белгіленген мерзімдерді сақтайтын және ынтымақтастық пен инклюзивті орта қалыптастыратын команданың мүшесі немесе көшбасшысы ретінде тиімді жұмыс істей алады.
Не үйренесіз?
  • Технологиялық үдерістерді жобалау, математикалық және имитациялық модельдеу, оңтайландыру және басқару
  • Химиялық инженерия қағидаттары, материалдық және энергетикалық баланстар
  • Бейорганикалық, аналитикалық, органикалық химия және полимерлер химиясы
  • Материалтану, материалдар химиясы және инженерлік материалдар
  • Химиялық-технологиялық үдерістер термодинамикасы
  • Химиялық үдерістердің қауіпсіздігі және экологиялық инженерия
  • Химиялық реакциялар және реакторлар инженериясы
  • Сұйықтық механикасы және тасымалдау құбылыстары
  • Жылу және масса алмасу
  • Бөлу үдерістері
Оқу жоспары
1-оқу жылы. Күзгі семестр және көктемгі семестр (34 ECTS)
2-оқу жылы. Күзгі және көктемгі семестрлер (30 ECTS)
3-оқу жылы. Күзгі және көктемгі семестрлер (30 ECTS)
4-оқу жылы. Күзгі және көктемгі семестрлер (30 ECTS)
Элективті курстар
CHME 351 - Environment and Development
CHME 353 - Electrochemical Engineering
CHME 421 - Tissue Engineering
CHME 453 - Multiphase Systems
CHME 454 - Transport Phenomena and Operations
CHME 485 - Introduction to Biochemical Engineering
CHME 459 - Biomechanics
CHME 461 - Powder Technology
CHME 464 - Directed Study

Негізгі модульдер
Негізгі модульдердің тізімі
Элективті курстар
Түлектер қайда жұмыс істейді?
  • Мансап мүмкіндіктері
    • Химиялық инженер
    • Материалтанушы инженер
    • Технолог-инженер
    • Өндіріс инженері
    • Технологиялық үдерістерді жобалау жөніндегі инженер
    • Технологиялық үдерістерді модельдеу жөніндегі инженер
    • Технологиялық үдерістерді басқару жөніндегі инженер
    • Технологиялық үдерістердің қауіпсіздігі немесе тәуекелдерді бағалау жөніндегі инженер
    • Экологиялық инженер
    • Сапаны бақылау немесе қамтамасыз ету жөніндегі инженер
    • Материалдарды сипаттау және талдау жөніндегі инженер
    • Зертхана инженері немесе инженер-талдаушы
    • Биотехнологиялық үдерістер инженері
    • Өнімді әзірлеу жөніндегі инженер
    • Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер жөніндегі инженер
    • Техникалық немесе инженерлік кеңесші
  • Қайда?
    • KMG Engineering
    • Tengizchevroil (TCO)
    • SLB
    • North Caspian Operating Company (NCOC)
    • Kazatomprom
    • Kazakhstan Petrochemical Industries Inc. (KPI)
    • Karachaganak Petroleum Operating B.V. (KPO)
    • Baker Hughes, PSI Group және химия, энергетика, материалтану, өндіріс пен экология салаларындағы басқа да компаниялар.
Қабылдау & Өтініш беру
Қабылдау
өтініш беру
Электрондық хат жіберіңіз:

Қабылдау сұрақтары (бакалавр):
Қабанбай Батыр көшесі, 53,
Астана қаласы, Қазақстан Республикасы