NU SMG-дегі қонақ дәріс: 25+ жыл халықаралық мұнай-газ тәжірибесінен problem-solving ойлау жүйесі
Назарбаев Университетінің Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі (SMG) студенттер мен қызметкерлерді Alash Energy компаниясының құрылтайшыларының бірі — Аслан Булекбай мырзаның қонақ дәрісіне шақырады.
Дәріс барысында спикер халықаралық мұнай-газ саласындағы 25+ жылдық тәжірибесіне сүйене отырып, күрделі мәселелерді шешуге көмектесетін ойлау жүйесі, шешім қабылдау және жоғары жауапкершілікті жобаларда нәтижеге жету туралы практикалық сабақтарымен бөліседі.
Дәріс тақырыбы
“The Problem-Solver’s Mindset: Lessons from 25+ Years of International Oil & Gas Experience”
Сіз не үйренесіз:
Халықаралық мұнай-газ жобаларында проблемаларды шешудің нақты тәсілдері
Күрделі жағдайларда тиімді әрекет етуге көмектесетін дағдылар мен әдеттер
Жаһандық тәжірибені жергілікті инновациялармен және технологиялық дамуымен байланыстыратын мансаптық сабақтар
Күні, уақыты және орны
Күні:2026 жылғы 29 қаңтар, бейсенбі
Уақыты:16:00–17:00
Орны:Block 6, 5-қабат, 6507 аудитория
Баршаңызға ашық. Бұл дәріс әсіресе инженерия, қолданбалы зерттеу (R&D) және энергетика саласындағы инновацияға қызығатын студенттер үшін пайдалы болады.