Қазақстан ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтуы қажет
Қытай және АҚШ-тың білім беру жүйелері мен Қазақстанның айырмашылықтарын өз көзімен көрген NU SEDS түлегі Бакытжан Сариевтің айтуынша, Қазақстанда ғылым мен өндіріс арасында үлкен алшақтық бар. Сондықтан ол ғылыми жетістіктерді экономикаға енгізу қажеттігін алға тартады. Бакытжан Сариев қазіргі уақытта НУ-да жаңа композициялық материалдар мен сплавтар әзірлеумен айналысуда, олардың қолданыс ауқымы аэрокосмостық, энергетикалық және өндірістік салаларды қамтиды. Бұл жұмыстар Қазақстанның өнеркәсібін жаңғыртып, әртараптандыруға бағытталған. Оның сұхбатының толық нұсқасын El.kz порталынан оқуға болады.
Ақпарат көзі: Университет жаңалықтары дайджесті (БАҚ НУ туралы, 10 қаңтар 2025 жыл)