Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің химиялық инженерия бойынша PhD бағдарламасының 3-курс студенті Мақпал Рахатқызының жоғары бәсекелі DAAD халықаралық академиялық алмасуды және ғылыми жетістіктерді қолдайтын қысқа мерзімді зерттеу шәкіртақысын жеңіп алғанын қуанышпен хабарлаймыз.
Бұл шәкіртақы халықаралық академиялық алмасуды қолдайтын және Германияда ғылыми жетістіктерді көтеруге бағытталған өте беделді марапат болып табылады.
Мақпалдың бұл биік белесі, оның Chemical Engineering Journal журналында жарияланған мақаласының арқасында мүмкін болды. Бұл мақалада тұрақты материалдарды жасауға арналған инновациялық тәсілдер қарастырылады, ал мақаланың толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.
DAAD бағдарламасы аясында Мақпал екі ай бойы Дуйсбург-Эссен университетінде ғылыми тағылымдамадан өтіп, полимерлік ғылымдар саласының маманы профессор Матиас Ульбрихттың жетекшілігімен жұмыс істеді. Оның зерттеулері экологиялық таза материалдар әзірлеуге бағытталған 2,5-фурандикарбон қышқылынан биополимерлер синтездеу мәселесіне арналды.
Осы тәжірибесі туралы Мақпал «бұл мүмкіндіктің менің ғылым жолымды, сондай-ақ жеке дамуымды едәуір байытқанына сенімдімін. DAAD ұйымына, профессор Ульбрихтқа және оның командасына зор алғысымды білдіремін. Назарбаев Университетінің атынан осындай беделді ғылыми орталықта еңбек ету мен үшін үлкен абырой» деді.
Химиялық инженерия PhD бағдарламасының жетекшісі профессор Нұршат Нураже мұндай жетістіктердің тек жеке дамуға ғана емес, бүкіл университеттің халықаралық ғылыми алаңдағы беделіне қосар үлесі мол екендігін атап өтті:
«Біздің докторанттарымыздың осындай халықаралық зерттеу мүмкіндіктеріне ие болуы әлемдік ғалымдармен ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді. Бұл біздің университетіміздің ғылыми әлеуетін көтеріп, халықаралық деңгейдегі білім ордасына айналу жолында маңызды қадам болып табылады».
Мақпал Рахатқызының жетістігі біздің студенттеріміздің ғылым мен білімге деген құштарлығының жарқын дәлелі. Оның әрі қарайғы ғылыми ізденістеріне зор үмітпен қараймыз.