News
2025-07-02 10:26 KZ

"Қолданбалы жасанды интеллект және деректер ғылымы" саласындағы магистр бағдарламасына арналған толық гранттар!

Назарбаев Университетінің Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің қолданбалы жасанды интеллект және деректер ғылымы магистрі бағдарламасына толық демеушілік грантқа өтінімдерді қабылдауға қуаныштымыз.

Грант 2 оқу жылының толық оқу ақысын, ай сайынғы шәкіртақы және медициналық сақтандыруды қамтиды.

Құжаттар 2025 жылдың 31 шілдесіне дейін қабылданады

Құжаттарды мына портал арқылы тапсырасыздар.

Бұл бағдарлама жасанды интеллект, машиналық оқыту және деректер ғылымы салаларында жоғары сұранысқа ие мамандарды даярлауға бағытталған оқу жоспарын ұсынады. Бағдарлама күндізгі бөлім студенттеріне де, жұмыс істейтін мамандарға да арналған және ыңғайлы оқу форматында құрастырылған.

Құжаттарды қабылдау талаптары:

Бакалавр дәрежесі (немесе баламасы), GPA 4,0-ден кемінде 2,5

IELTS - 6.0.-ден жоғары

Түйіндеме (CV)

Бағдарлама туралы толық ақпаратты мына жерден оқи аласыздар.

Сұрақтар бойынша:
seds@seds.nu.edu.kz
yenlik.molgozhdarova@nu.edu.kz
Тел.: 87172 70 66 13