Қонақ дәрісі: Геомұра стратегиялық ресурс ретінде: Жердің геологиялық жады және оның ғылым, экономика және орнықты даму үшін маңызы
Назарбаев Университетінің Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі студенттерді, оқытушыларды және зерттеушілерді Саида Арапқызы Нигматованың қонақ дәрісіне шақырады. Ол — геология-минералогия ғылымдарының докторы, палеонтолог, стратиграф, Қ.И. Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институты директорының орынбасары және Қазақстан Республикасындағы ЮНЕСКО геопарктері жөніндегі ұлттық комитеттің төрайымы.
Дәріс сағат 16:30-да, 6-блоктың 3-қабатындағы 6302 аудиториясында өтеді.
Дәрісте геомұра Жердің геологиялық жадының бірегей мұрағаты ретінде қарастырылып, оның ғылым үшін ғана емес, экономика, орнықты даму, геотуризм және экологиялық шешімдер қабылдау салалары үшін де маңызы артып келе жатқаны талқыланады. Сондай-ақ ЮНЕСКО геопарктері табиғи мұраны сақтау, білім беру және жергілікті аумақтарды дамыту арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ететін практикалық үлгі ретінде қарастырылады.
Орталық Азиядағы, соның ішінде қалыптасып келе жатқан «Арал» геопаркі мысалында геомұраның постдағдарыстық өңірлерді жаңғыртуға және олардың ұзақ мерзімді даму әлеуетін арттыруға қалай ықпал ететіні көрсетіледі.
Спикердің өмірбаяны
Саида Арапқызы Нигматова — қазақстандық ғалым-геолог, геология-минералогия ғылымдарының докторы, стратиграфия, палеоботаника және геоархеология салаларының маманы. Ол Қазақстандағы геоархеология бағытының негізін қалаушылардың бірі, 120-дан астам ғылыми жарияланымның авторы және геология мен аумақтардың орнықты дамуы салаларындағы халықаралық ғылыми және қолданбалы жобалардың белсенді қатысушысы. 2021 жылдан бері Қазақстан Республикасындағы ЮНЕСКО геопарктері жөніндегі ұлттық комитеттің төрайымы қызметін атқарып келеді.