Назарбаев Университетінің Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің (SEDS) Инженерлік менеджмент магистрлік бағдарламасы (MEM) биыл маңызды межеге жетті — бағдарлама он жылдық тарихын атап өтті және осы уақыт ішінде 280-ден астам түлек шықты. Осыған орай, 2025 жылдың 3 мамырында SEDS-те салтанатты шара өтті.
Кеште түлектер, студенттер, оқытушылар, университет басшылығы және өнеркәсіп өкілдері бас қосып, бағдарламаның 10 жылдағы қорытындысын шығарып, түлектердің ел дамына қосқан үлесі талқыланды.
Негізгі бөлім — «MEM бағдарламасының 10 жылдығы — 10 сабақ» тақырыбындағы панельдік сессия болды. Спикерлер ретінде түлектер: Наурызбай Мусин, Наргиз Хайрлыбаева, Евгений Лухманов, Мәдина Байжанова, Анастасия Решодько, Есенхан Ділдәбек және Саин Курманқұлов сөз сөйледі. Әрқайсысы MEM бағдарламасында алған білім, кәсіби тәжірибелері мен түйген ойларын ортаға салды.
Ойындар мен интерактивті іс-шаралар кештің мерекелік көңіл-күйін арттырып, бағдарламаның барлық қатысушыларын біріктіретін қауымдастықтың маңыздылығын еске салды.