News
KZ

NU SEDS профессоры Қазақстанның алғашқы микрочиптерін жасауға жетекшілік етуде

NU SEDS ассистент профессоры Нұрсұлтан Қабылақас компьютерлік ғылымдар кафедрасында Қазақстанның алғашқы микрочиптерін жасауда. Жоғары білікті IT инженерлері командасымен бірге профессор Қазақстанның алғашқы «Designed in Kazakhstan» процессорын жасап шығарды, ол келесі жылы таныстырылмақ. Бұл жоба микрочиптер өндірісінің негізін қалауға бағытталған, әрі ол еліміздегі технологиялық дамуға және жаңа буын мамандарын даярлауға жол ашпақ.

Америкада оқып, «Болашақ» бағдарламасы арқылы білім алған Нұрсұлтан Қабылақас елге оралған соң, бағдарламалау мен аппараттық құралдарды жобалауда инновациялар енгізуге тырысып келеді.

📺 Толығырақ «Жібек Жолы» арнасынан және The Astana Times басылымынан біле аласыз.