News
KZ

NUSEDS-тен Bloomberg-ке дейін: Әлішер Еркімбековтің жолы

Назарбаев Университетінің Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің (SEDS) 2023 жылғы Компютер мамандығы бойынша түлегі Әлішер Еркімбеков қазір Лондондағы Bloomberg агенттігінде жұмыс істейді.

Оның мансап жолы оқу кезінде басталған. Әлішер Google және Яндекс компанияларында тағылымдамадан өтіп, ірі халықаралық компанияда жұмыс істеуге қажетті тәжірибе жинақтады. Қазір ол әлемдік IT орталықтардың бірінде технологиялық жобалармен айналысады.

Оның техникалық сұхбатқа қатысты ақыл-кеңестері, шетелдегі өмірге бейімделу әдістері және жоғары деңгейдегі компаниядағы еңбек жолы мен SEDS студенттерге берілетін мүмкіндіктер туралы толығырақ мына мақаладан оқыңыз.