News
KZ

Телефон зарядтайтын ұлтарақ

NU SEDS Ассистент профессоры Гүлнұр Қалимолдина телефон зарядтайтын инновациялық ұлтарақты жасауда. Бұл ақылды ұлтарақ тек мобильді құрылғыларды қуаттандырып қана қоймай, адамның жүрісіндегі кемшіліктерді түзетуге көмектеседі. Олар жүріс-тұрысты талдап, тірек-қимыл жүйесінде туындауы мүмкін мәселелердің алдын алады. Осылайша, қарапайым серуен денсаулықты жақсартуға мүмкіндік береді.

Толығырақ Гүлнұр Қалимолдинаның «Хабар» телеарнасына берген сұхбатын тамашалай аласыз.

Ақпарат көзі: Университет жаңалықтары дайджесті (БАҚ НУ туралы, 10 қаңтар 2025 жыл)