Қонақ дәрісі | 18 ақпан | 16:00–17:00
Өтетін орны: 6-блок, 1-қабат, 6105 аудитория
Тақырыбы: Оңтүстік Қазақстандағы (Орталық Азия) шөгінді алаптардағы терең сулы қабаттардың тау жүйелері арқылы қоректенуі
Дәріскер: Вадим Япиев, PhD, Senior Researcher, National Laboratory Astana, Nazarbayev University
Аннотация
Қуаң және шөлейт аймақтардың ойпатты бөліктеріндегі жерасты су ресурстары кейде алыс орналасқан таулы өңірлерден қалыптасуы мүмкін. Орталық Азияда таулы криосфера көбіне тауаралық аңғарлар мен ойпатты жазықтарда тұратын халық үшін «су мұнарасы» қызметін атқарады. Дегенмен Орталық Азияның шөгінді алаптарындағы жерасты сулары мен олардың қоректену үдерістері әлі де жеткілікті деңгейде зерттелмеген.
Бұл зерттеуде Оңтүстік Қазақстанның шығыс шөгінді алаптарындағы 100–3000 м тереңдіктегі сулы қабаттардан алынған су үлгілеріне тұрақты изотоптық және гидрохимиялық деректерді геологиялық ақпаратпен және радиокөміртекті (¹⁴C) даталау нәтижелерімен біріктіру арқылы жерасты суларының кешенді қоректену моделі әзірленді. Көптеген терең жерасты суларының төмен тұздылығы (< 1,5 г/л) және δ18O мәндерінің өте теріс болуы (-12–-16 ‰) бұл сулы қабаттардың жақын маңдағы көздерден емес, Mountain System Recharge (MRS) механизмі арқылы — таулы аймақтардан келетін қоректенумен толықтырылатынын көрсетеді.
Қазіргі жергілікті жауын-шашын мөлшерінің өте төмен болуы (мысалы, <200 мм/жыл), оның изотоптық құрамы және буланудың жоғары қарқыны терең сулы қабаттарға қазіргі замандағы жергілікті қоректенудің ықтималдығын төмендетеді. Алынған деректер жүздеген километр қашықтықтағы таулы өңірлерден келетін латералдық ағындар басым болатын терең, алыс қашықтықтағы қоректену мүмкіндігін растайды. Жерасты суларының жасы 21 000–35 000 жыл аралығында болып, бұл үлгінің соңғы мұздық кезеңімен және ұзақмерзімді инфильтрация үдерістерімен байланысын күшейтеді.
Орталық Азия ойпаттарындағы жерасты суларының мыңдаған жылдарға созылатын өте баяу толығуы бұл құнды, қайта қалпына келмейтін ресурсты ұқыпты басқарудың маңызын айқын көрсетеді.
Қысқаша өмірбаяны
Вадим Япиев — су ресурстарын зерттеу бағыты бойынша Қазақстанда және Орталық Азияда 10 жылдан астам академиялық тәжірибесі бар Жер және қоршаған орта ғылымдарының зерттеушісі. Қазіргі ғылыми жұмысы Critical Zone және құрлық беті үдерістеріне, әсіресе климаттың (өзгерісінің) өңірдегі су мен жер ресурстарына әсеріне бағытталған. 20-дан астам рецензияланатын жарияланымның авторы және бірлескен авторы, соның ішінде Арал теңізі алабындағы жерасты сулары туралы кітап тарауы бар.