Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі (SEDS) ғалымдары Назарбаев Университетінің (НУ) өзге ғалымдарымен бірлесіп, 3D өткізгіш полимерлік нанокомпозиттер саласында маңызды жаңалық ашты. Бұл әзірлеме киілетін электроника мен энергия сақтау үшін икемді құрылғылар жасауға жаңа мүмкіндіктер береді.
Жұмыстың негізгі мақсаты — электроникада қолдануға болатын полимерлік материалдардың қасиеттерін жақсарту. Зерттеу НУ профессоры Нұршат Нұраже мен PhD диссертациясын осы тақырыпта әзірлеген доктор Гүлдана Жігербаеваның жетекшілігімен жүргізілді. Жұмыста полимерлерді синтездеудің жаңа әдісі — екі фазалы микроэмульсиялық полимеризация (BME) қолданылды. Бұл әдіс дәстүрлі материалдардан айырмашылығы бар, жоғары тұрақтылыққа, икемділікке және жақсы электрохимиялық сипаттамаларға ие микропсевдоконденсаторларды (MPC) алуға мүмкіндік береді.
Жұмыс Scientific Reports (Sci Rep 15, 9577 (2025), Springer Nature Publisher) журналында жарияланды, оған НУ химия кафедрасының профессоры Сәлімгерей Әділов және «Астана» ұлттық зертханасының ғалымдары, соның ішінде Ерболат Мағазов, Владислав Кудряшов және НУ Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің студенті Әсет Әлиев қатысты.
Алдыңғы жұмыстарында команда 2D өткізгіш полимерлік материалдарды зерттесе, бұл жолы олар 3D нанокомпозиттерді әзірлеу арқылы энергия сақтау сипаттамаларын жақсартты. Ғалымдардың жасаған микропсевдоконденсаторлары энергия тығыздығының жоғары болуымен және механикалық жүктемелерге төзімділігімен ерекшеленеді, бұл оларды киілетін электроника мен басқа да шағын құрылғыларда қолдануға мүмкіндік береді.
Жобаға бакалавриат студенттері де қатыстырылды, бұл НУ-дың білім беру процесіне практикалық зерттеулерді интеграциялауға мүмкіндік береді. 4-курс студенті Әсет Әлиев зертханадағы және тәжірибелі мамандар, мысалы, доктор Кудряшов пен профессор Нұраже жетекшілігіндегі жұмыс оның зерттеу дағдыларын дамытуға көмектескенін атап өтті.
2024 жылы докторантурасын аяқтаған доктор Жігербаева жұмыстың негізгі жетістігі ретінде энергия сақтау және датчиктер сияқты қолданбаларда пайдалануға болатын ақылды материалдарды әзірлеу үшін ауқымды әдіс жасауды атап өтті.
Профессор Нұраже жоба тек ғылыми тұрғыдан ғана емес, практикалық маңызы зор екенін айтты: "Біздің материалдарымыз портативті электроника мен басқа да құрылғыларды өндіруде, олардың ықшамдылығы мен жоғары тиімділігі маңызды болған жағдайда қолданылуы мүмкін".
Бұл зерттеу киілетін электроника мен икемді энергия сақтау жүйелерінің дамуында жаңа технологиялар жасауға тағы бір қадам болып табылады.