NU SEDS профессоры Жұмабай Бакенов «Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері» құрметті атағымен марапатталды. Профессор Бакеновке марапатты Қазақстан Президенті өз қолымен табыс етті. Бұл атақ ел тарихында алғаш рет беріліп отыр және профессор Бакенов оның алғашқы иегері.
Профессор Бакенов НУ-да энергияны жинақтау жүйелері мен функционалдық наноматериалдар саласында жетекші халықаралық зерттеу тобына басшылық етеді. Оның ғылыми еңбектері мен жобалары, соның ішінде қазақстандық шикізаттарды пайдаланып, литий-ионды батареялар үшін катодты материалдардың прекурсорларын әзірлеу сияқты бастамалары еліміздің технологиялық тәуелсіздігі мен жаһандық деңгейде бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.
Жоғары марапат 12 сәуір, бүгінгі Қазақстан Ғылым саласы қызметкерлерінің күні қарсаңында берілді. Профессор Бакеновты осы лайықты марапатпен құттықтай отырып, бүгінгі кәсіби мерекеге қатысы бар барлық әріпесерді Қазақстан ғылым қызметкерлері күнімен құттықтаймыз! Ғылым жолы сіздерге сарқылмас шабыт әкеліп, жаңа ғылыми жаңалықтарға жол ашсын!