Бүгін, 11 ақпан – бүкіл әлем Халықаралық ғылымдағы әйелдер мен қыздар күнін атап өтуде!
Қазақстан – ғылыммен айналысатын әйел зерттеушілердің үлесі бойынша әлемдіккөшбасшылардың үштігіне кіреді: олардың саны елдегі барлық ғалымдардың 54%-ын құрайды!
Біз инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің профессорлары, зерттеушілері мен студенттерінің ғылымды дамытуға қосқан үлестерін мақтан тұтамыз!
Жарқын мысал – доктор Алмагүл Ментбаева, Назарбаев Университетінің Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебіндегі химиялық инженерия және материалдар технологиясы кафедрасының ассистент-профессоры. Ол 15 жылдан астам уақыт бойы газ сенсорлары мен сутегі энергетикасы саласында ғылыми зерттеулер жүргізіп келеді. Оның еңбегі Қазақстанда инновациялық технологиялар мен тұрақты энергетиканы дамытуға зор үлес қосуда.
Оның Kazinform ақпарат агенттігіне берген сұхбатын сілтеме арқылы оқи аласыз!
Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің барлық арулары мен әйелдерін осы маңызды күнмен құттықтаймыз! Идеяларыңыз әлемді өзгертсін!