NU Research Excellence Awards сыйлығының алғашқы жеңімпаздарын құттықтаймыз!
Назарбаев Университетінің Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі (NU SEDS) NU Research Excellence сыйлығының алғашқы жеңімпаздарын қуана жариялайды. Бұл шара ғылым мен инновацияға қомақты үлес қосып жүргендердің еңбегін танудың маңызды қадамы болды.
Сонымен, жеңімпаздар:
• НУ-дың мансаптық жетістіктері үшін сыйлығы – профессор Жұмабай Бәкенов. Бұл сыйлық профессор Бакеновке ұзақ уақыт бойы ғылымға адалдығы және NU SEDS ғылыми зерттеулеріне қосқан елеулі үлесі үшін берілді.
• NU SDG Research Excellence Award – Профессор Вуджин Ли. Оның БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес зерттеулер арқылы жаһандық сын-қатерлерді шешуге бағытталған жұмысы ерекше маңызды деп танылды.
• NU Emerging Scientist сыйлығы – профессор Айшуа Қонаров. Аталған сыйлық профессор Қонаровтың зерттеулері мен әдіс-тәсілдері ғылымның көкжиегін кеңейтіп, ғылыми ортада болашағы зор дегенді білдіреді.
Бұл марапаттар NU SEDS-тегі зерттеулер мен инновациялардың маңыздылығын көрсетеді. Лауреаттарды құттықтаймыз және ғылым мен техниканың дамуына қосқан үлестері үшін алғыс айтамыз!