News
KZ

НУ-дағы 15 жылдық жол: Қазақстандағы инженерлік ғылым мен білім саласын дамытуға қосқан үлесі үшін профессор Десмонд Адаирға алғысымызды білдіреміз

Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі атынан механикалық және аэроғарыштық инженерия кафедрасының қауымдастырылған профессоры Десмонд Адаирға 15 жыл бойы университетке деген адал қызметі, инженерлік білімнің дамуына қосқан қажырлы еңбегі және студенттерге жасаған тәлімгерлігі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.

Профессор Адаир НУ-ға оның негізі қаланған сәттен бастап қосылды. Осылайша, ол білім ордасының қалыптасу кезеңінде бұрынғы Инженерия мектебінің, қазіргі Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің құрамында академиялық жетістіктерді арттыруға және халықаралық беделін көтеруге мол үлес қосты.

2017 жылы ол НУ тарихындағы алғаш рет берілген инновациялық оқыту сыйлығын иеленді. Оның портреті университеттің «Даңқ аллеясына» қойылды, бұл жай ғана марапат емес, тәлімгерлігін ұлықтау болды.

Профессор Адаир — Лондонның Империялық колледжінің PhD дәрежелі түлегі, аэрокосмостық инженерияның білгірі. НУ-ға дейін ол әлемдегі ең атақты ғылыми орталықтарда қызмет еткен, арасында NASA-ның Ames зерттеу орталығы, Ұлттық стандарттар мен технологиялар институты (NIST, Мэриленд), Ұлттық физикалық зертхана (Ұлыбритания), әскери-теңіз күштерінің су үсті күрес жүйелері орталығы (АҚШ) бар. Ол сондай-ақ British Aerospace және Тасмания университетінде аға оқытушы болып еңбек еткен.

НУ-да 15 жыл ішінде профессор Адаир қол жеткізген жетістіктердің саны мол. Оның ішінде:

  • «Ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін» мемлекеттік медалі (2014)
  • «Құрметті білім қызметкері» атағы (2015)
  • Green Campus инновациялары байқауындағы жеңісі (2020, Chevron қолдауымен)

Ол университет қабырғасында тек негізгі пәндерді оқытып қана қоймай, сонымен бірге механикалық және аэроғарыштық инженерия бойынша PhD бағдарламасын басқарып, ғылыми ортаның дамуына үлкен үлес қосты.

Ғылыми қызығушылықтары ауқымды, салалары кең:

  • Ұшу динамикасы
  • Аэромеханика
  • Құрылымдардың дірілдері
  • Жаңартылатын энергия көздері
  • Сутегі технологиялары
  • Числалық және аналитикалық әдістер

Біз профессор Адаирға, отандық инженерлік ғылым мен білімнің дамуына қосқан зор үлесі үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Оның есімі НУ тарихында әрқашан сақталары сөзсіз.