2025 жылғы 12 мамырда Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебіндегі (SEDS) Механикалық және аэроғарыштық инженерия (MAE) кафедрасының соңғы курс студенттерінің Capstone жобаларының таныстырылымы мен постерлар сессиясы өткізілді. Шара университет пен кафедраның 15 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келді.
Биыл жоғарғы курс студенттерінен құралған 19 топ өз жобаларын ұсынды. Олардың кейбірі өнеркәсіптік серіктестер қойған практикалық мәселелерді шешуге бағытталды. Барлық жобалар екі негізгі тақырыптық бағытқа бөлінді.
Бірінші бағыт — «Материалдар, 3D баспа, өндіріс және тұрақты даму»:
Екінші бағыт — «Машина жасау, оңтайландыру, аэрокосмос және басқару»:
Оған қоса, іс-шараға өндеркәсіптен 16 сарапшы және Назарбаев Университетінің басшылығы қатысты. Қонақтардың қатарында Air Astana, Wabtec Corporation, Alstom, Airbus, Ghalam LLP бірлескен кәсіпорыны, Qazaq Air, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қарасты Аэроғарыш комитеті, сондай-ақ Халықаралық әуе тасымалдаушылары қауымдастығы (IATA) өкілдері болды.
Кафедра меңгерушісі, профессор Эссам Шехаб, Ұлыбританиядағы тәжірибесін пайдалана отырып, Capstone жобаларының инженерлік білім беру мен мансапқа дайындықтағы маңыздылығын атап көрсетті.
«Біз индустриямен ынтымақтастықты белсенді дамытып, жыл сайын Amazon, Airbus, Rolls-Royce, Air Astana, Alstom сынды компаниялармен іс-шаралар ұйымдастырамыз. Студенттердің көп жобалары нақты мәселелерді шешуге бағытталған. Қазірдің өзінде төрт түлек Qazaq Air компаниясынан ұсыныс алды, ал тағы төртеуін Ghalam жұмысқа қабылдауды жоспарлап отыр», — деді профессор Шехаб.
Ghalam Аэроғарыш комитетінің орташа ажыратымдылықтағы үш спутнигін жасауға берген тапсырысын орындап жатқан компания. Сондықтан ынтымақтастыққа олар да қызығушылық танытты.
«Біздің мақсатымыз — Қазақстанда сындарлы технологияларды дамыту және ғарыш саласында өз орнымызды табу. Нанотүтікшелерді пайдаланып, электромагниттік экранизация жөніндегі студенттік жобаның маңызы ерекше. Ғарышта ең кіші кедергілер де қымбат техниканың жұмысын бұзуы мүмкін. NU-дағы фундаменталды ғылым мен қолданбалы зерттеулердің синтезін бағалаймыз және әрі қарай ынтымақтастықты жалғастыруға ниеттіміз», — деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қарасты Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары Алан Казкенов.
Құрылғаннан бері 292 түлек ұшырған және қазір 300-ден астам студентке білім беріп жатқан кафедра Air Astана сияқты ірі компаниялармен тығыз байланыс орнатқан.
«Осы уақытқа дейін төрт бірлескен жобаны аяқтадық. Қызметкерлеріміздің бірі — NU түлегі, ол екі жыл ішінде жоғары білікті маман ретінде танылды. Ынтымақтастығымызды әрі қарай да жалғастыруға ниеттіміз», — деді Air Astana корпоративтік портфельдің аға менеджері Индира Тулеуова.
Университет пен кафедра мерейтойына орай үздік студенттік жобалар мектеп пен өндірістік серіктестер тарапынан арнайы марапаттарға ие болды. Бірінші рет үздік постерлер мен презентациялар үшін арнайы сыйлықтар табыс етілді:
Qazaq Air үздік постер сыйлығы — 4 команда (бакалавриат):
Ақбота Өскембаева, Бақытгүл Сәрсенова, Рамазан Дұрсынов
Airbus үздік постер сыйлығы — 9 команда (бакалавриат):
Алина Самыратова, Адина Кеңесбекова, Айжан Түсіпова
Академиялық үздік постер сыйлығы — 8 команда (бакалавриат):
Жассұлан Тұрар, Мерей Сембай, Айнұр Аман
Академиялық үздік презентация сыйлығы — 16 команда (бакалавриат):
Айдина Төреханова, Бауыржан Шакулов, Диас Иссабек
Airbus үздік постер сыйлығы — магистратура:
Аружан Қаңтабаева
Жеңімпаздарды лайықты марапаттарымен, ал барлық студенттерді жобаларын сәтті қорғауларымен құттықтаймыз!

- 1 топ: металл 3D принтерлердегі ақауларды анықтау және болжау алгоритмдері
- 2 топ: 3D баспада қолдану үшін қарақұмық қамырын реологиялық талдау
- 3 топ: аэроғарыш саласына арналған аддитивті метаматериалдарды зерттеу
- 4 топ: құрылыс 3D баспасына арналған айналмалы құрылғы жасау
- 5 топ: әртүрлі климаттық жағдайларда ылғалды материалдарды тұрақты кептіру әдістері
- 7 топ: жасанды интеллект көмегімен икемді мультимодальды сенсорлар жасау
- 11 топ: талшықты күшейтілген полимерлерге наноқабық металлоорганикалық каркас (MOF) әсері
- 13 топ: динозавр қаңқасының механикалық конструкциясы
- 15 топ: биомедициналық қолдану үшін Ti-Ta қорытпас бетінің электроэрозиялық өңдеумен модификациясы
Екінші бағыт — «Машина жасау, оңтайландыру, аэрокосмос және басқару»:
- 6 топ: электромагниттік толқындардың шашырауы арқылы наноэлементтер формасын анықтау
- 8 топ: аутизмі бар балаларды қайта оңалтуға арналған автономды сенсорлық ұлтарақ
- 9 команда: сутегін жер астына сақтау үшін ең қолайлы орынды дөңгелек логикамен таңдау
- 10 топ: сұйықтық поршеньдік роторлы қозғалтқыш және оны Ванкель қозғалтқышымен салыстыру
- 12 топ: әртүрлі алгоритмдері бар ұшақ басқару интерактивті симуляторы
- 14 топ: қанат ұштарындағы вирлерді лазерлік ағынды визуализация әдісімен көрсету
- 16 топ: төмен орбиталарға арналған оригами үлгісіндегі шағын спутник
- 17 топ: локомотивтерді жинауды оңтайландыру үшін арматуралық құралдарды әзірлеу
- 18 топ: бел омыртқа ауруларын биомеханикалық жолмен зерттеу
- 19 топ: керамиканы басып шығаруға арналған үстел үсті 3D принтер