IT саласында мансап бастаңыз: Назарбаев Университетінің №1 бағдарламасы сізді алға жетелейді!
Ең үздік IT-компанияларында жұмыс істеу, әлемнің кез келген жерінен табыс табу және цифрлық әлемнің болашағын өзгерту сіздің арманыңыз ба?
Назарбаев Университетінің «Компьютерлік ғылымдар» бакалавриат бағдарламасы – болашақтың есігін ашатын мүмкіндік, ең сұранысқа ие мамандыққа апаратын жол. Карнеги-Меллон университетінің профессорларымен бірлесіп әзірленген бұл бағдарлама бағдарламалау, киберқауіпсіздік, жасанды интеллект және тағы басқа салалар бойынша терең білім береді.
Неге осы бағдарламаны таңдау керек?
Назарбаев Университетіндегі №1 бағдарлама, Карнеги-Меллон университетімен бірлесіп жасалған.
Бағдарламалау, киберқауіпсіздік немесе жасанды интеллект – әлем бойынша жоғары сұранысқа ие дағдыларды меңгересіз.
Практикалық зерттеулер және әлемдік индустриямен байланыс сізді білікті маман етеді.
Біздің түлектеріміздің жетістіктері:
Түлектеріміз BigTech, әлемнің және еліміздің жетекші компанияларында табысты жұмыс істеуде.
Назарбаев Университетінің компьютерлік ғылымдар бойынша №1 бағдарламасына қазір өтініш беріп, болашағыңыздың бағыт-бағдарын анықтаңыз.
Әр оқытушының атына басу арқылы олардың Pure платформасындағы профилін көре аласыз. Мұнда олардың зерттеу жобалары, жарияланымдары мен басқа да жұмыстары туралы ақпарат бар.