News
2024-11-15 12:02 KZ

Қазақстан декандары біздің мектепте қонақта болып, зертханалар мен ғылыми-зерттеу жобаларымен танысты

2024 жылдың 15 қарашасында Назарбаев Университетінің Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі Қазақстан университеттерінің 20-ға жуық декандарының басын қосқан «Декандар күнін» өткізіп, зертханалар мен ғылыми-зерттеу жобаларын көрсетті.

Қонақтар алдымен мектептің соңғы үлгідегі зертханаларына экскурсия жасап озық технологиялар мен зерттеу жабдықтарын тамашалады.

Экскурсиядан кейін қатысушыларға SEDS-тегі 6 кафедрада жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу жобаларының постерлері таныстырылды. Мектеп өкілдері өздерінің соңғы зерттеулері мен оның ғылым мен қоғам үшін маңызы туралы әңгімелеп берді.

Іс-шараны ашқан SEDS деканының орынбасары Шазим Мемон: «Біз зерттеулердің жоғары деңгейіне ғана емес, сонымен қатар оның практикалық маңыздылығына ұмтыламыз», - деп атап өтті.

Іс-шара мектептің инженерлік бағыттағы еліміздегі жетекші ғылыми орталықтардың бірі ретіндегі рөлін көрсете отырып, ғылыми жетістіктері мен мүмкіндіктерін көрсетудің маңызды алаңына айналды.