Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің Электротехникалық инженерия мамандығы бойынша PhD студенті Жұлдыз Елжанова беделді үш минуттық тезис (3MT) байқауының алғашқы жеңімпазы атанып, Назарбаев Университетінің тарихына енді. 2008 жылы Квинсленд университетінде негізі қаланған бұл халықаралық байқау әлемге танымал. Бүгінге дейін 85 елдің 900-ден астам университетінде ұйымдастырылған. Қатысушылардан жылдар бойы жүргізген зерттеулерін яғни күрделі ғылыми идеяларды жалпақ жұртқа түсінікті тілде үш минутта таныстыруды талап етеді. Жұлдыздың әңгіме ауанына айналған жеңісті жолы оның балалық арманы, қажырлы еңбегі мен аталған байқаудың Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебіндегі жетістіктерінен бастап университет деңгейінде мойындалған сәтінен тұрады.
Жолбасы: Түп-тамыры отбасынан басталған тәрбие және қызығушылықтың алғашқы ұшқыны
Жұлдыздың инженерияға деген сүйіспеншілігі өнегенің тал бесігі саналатын отбасынан, бақытты балалық щшағынан бастау алады. Ол әкесіне үй шаруашылығында ынта-шынтасымен қолғабыс қылу барысында әр түрлі механизмдердің қалай жұмыс істейтінін жиі қызық көргенін сүйсіне еске алады. Кейін келе қиялын заманауи технологияның хикаяларымен толтырған инженер ағасынан шабыттанған ол инженерлік жай ғана кәсіп емес екенін түйсінді. Ағасы оған табиғатқа барынша зиянсыз, энергияны мүлдем тұтынбайтын ғимараттарды жобалаудың тұжырымдамаларын түсіндірді. Бұл әңгімелер инженерияның керемет күшін ашты және ағасының ізімен жүруге деген ұмтылысын оятты. Жұлдыз әлемді жақсы жаққа өзгерте алатын салаға мамандануға, жаңашылдыққа деген терең құштарлықты сезінді.
Жеңіс жолы: ғылыми ізденіс және оның маңызы
Бүгінде Жұлдыз жаңартылатын энергия саласындағы перовскиттік күн батареяларының интерфейстік инженериясына маманданған. Оның «Перовскит күн батареяларын қолдану үшін инженерлік металл оксидінің наноқұрылымдары» деп аталатын диссертациясы уақыт өте келе тиімділігін сақтайтын күн батареяларын дамыту үшін осы маңызды интерфейсті дәл баптауға бағытталған. «Біз болашақта климаттың өзгеруіне байланысты үлкен қиындықтарға тап боламыз. Сондықтан «Жаңартылатын энергияға көшу парниктік газдар шығарындыларын азайту және тұрақты болашаққа қол жеткізу үшін өте маңызды»,-дейді Жұлдыз.
Алғагқы биік белес: NU SEDS-тегі алғашқы 3MT жарысы
Оның шешендік өнер әлеміне сапары Назарбаев Университетінің Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінде ішкі байқаудан басталды. Іс-шара 10 сәуірде Қазақстан ғылым қызметкерлерінің күніне орай НУ SEDS ғылыми зерттеулер апталығы аясында алғаш рет ұйымдастырылды. Таныстырылымы көрермендердің көңілінен шығып, «Көрермен таңдауын» қоса алғанда Жұлдыз бұл кезеңде бірден екі аталымда жеңіске жетті.
NU 3MT-ге дайындық: Қиял құдыреті
NU 3MT байқауы 2024 жылдың 19-21 қыркүйегі аралығында өткен «Қазақстандағы зерттеулердің болашағын қалыптастыру: табысқа жету үшін бірге жұмыс істеу» атты НУ-ның жыл сайынғы ғылыми конференциясы аясында өтті және конференцияның басты оқиғасына айналды.
Жұлдыздың алдында тағы да көп жылғы күрделі зерттеулерді үш минутқа сиғызу міндеті тұрды. Өз аудиториясын баурап алу үшін ол күн батареясының құрылымын гамбургермен салыстырды, оның әрбір қабаты батареяның «дәміне» және ұзақ қызмет етуіне ықпал ететін ингредиентті білдірді. Мектеп деңгейіндегі байқау сияқты, бұл ойнақы ұқсастық көрерменді бірден баурап, қазылар алқасынан жоғары бағаға ие болды.
«Байқауға дайындалу маған қарапайым тілмен сөйлеудің маңыздылығын түсіндірді», - деп түсіндіреді Жұлдыз. «Ғылыми жобам туралы достарым және отбасыммен әңгімелескен кезде, олардың пікірлері презентациямды елеп-екшеуге көмектесті. Бұл маған ғылымның тек ғалымдарға емес, қалың жұртшылыққа түсінікті болуы керектігін еске салды»,-дейді Жұлдыз өз әңгімесінде.
Жеңіс сәті: Қобалжудан қуанышқа дейін
«Соңғы кезеңге шыққанда, мен қобалжудың таныс толқынын сезіндім. Алайда, сөзімді бастаған сәтте қорқыныш сейіліп, ғылыми жобаммен бөлісуге деген құштарлықпен алмасты. Жеңісімді жариялағанда, көңілімді қуаныш билеп, арқамнан ауыр жүк түскендей болды. Себебі ұйқысыз өткен түндер мен тыңғылықты дайындық пен қажырлы еңбек ақталды», – дейді Жұлдыз.
«Бірінші жүлдеден басқа, Зейс компаниясы мені ең жақсы спикер деп танып, микроскоппен марапаттады. Бұл күтпеген жағымды жаңалық болды. Отбасымның, достарымның және тәлімгерлерімнің қолдауы осы сапарда жүрекке ең қымбат сәттердің бірі болды. Мені жетістікке солардың сенімі шабыттандырды әрі жетеледі», - деп еске алады сол ерекше сәтті Жұлдыз.
Болашақ: жаңа көкжиектер
Жұлдыз енді диссертациясын аяқтап, зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми мақала жариялауды жоспарлап отыр. Диссертациясын аяқтағаннан кейін ол оқытушылық, тәлімгерлік немесе әлемдегі проблемаларды шешетін инновациялық пәнаралық жобалар яғни ғылыми тәжірибесі арқылы әлемді жақсы жаққа өзгертпекші.
Болашақ қатысушыларға кеңес
Жұлдыз болашақ қатысушыларға «Ең бастысы,өз табиғатыңыздан алыстамаңыз. Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетіндей болғаны жөн. Сіздің зерттеуіңіз мақтануға тұрарлық нәрсе және 3MT мақсаты - басқаларға оның құндылығын көруге көмектесу. Мүмкіндігінше шабыттандыруға тырысыңыз» деген кеңес.
Жұлдыз Елжанованың Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебіндегі жетістіктерінен университет деңгейіндегі жеңіске дейінгі жолы – құмарлық пен табандылық нәтижесінің дәлелі. Оның жолы жеке жеңісін көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар Назарбаев Университетінде дамып келе жатқан жаңашылдық пен озық рухты бейнелейді, басқаларды өз армандарына жетуге шабыттандырады.