Назарбаев Университеті мен Қазақстан тарихында алғаш рет бакалавриат студенті бір жылдық ақылы тағылымдамаға қабылданды. Тағылымдама кеңсесі Ұлыбританияда орналасқан Airbus Defence and Space халықаралық аэроғарыш компаниясында өтеді.
Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің «Механикалық және аэроғарыштық инженерия бакалавры» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан екінші курс студенті Мәлика Аманкелдиева тағылымдамасын
2025 жылдың 21 шілдесінде Ұлыбританияның Портсмут қаласындағы Transformation & Performance департаментінде бастайды. Тағылымдама дәл бір жылға яғни 2026 жылдың 21 шілдесіне дейін созылады.
Малика - Airbus-тан ақылы тағылымдамаға шақырту алған Назарбаев Университеті мен Қазақстандағы алғашқы студент, әрі еліміздегі STEM бағытындағы алғашқы қыз бала. Компания тағылымдамашыларды өте мұқият іріктейді және бакалавриаттың төменгі курстарындағы студенттерді, әсіресе Орталық Азиядан шыққан үміткерлерді сирек қабылдайды.
Маликаның айтуынша, ақтытық кезеңге 10 үміткер өткен. Олардың ішінен тек бір ғана студентке ресми ұсыныс жасалыпты.
«Халықаралық тағылымдамалар туралы алғаш рет Mercedes компаниясында тәжірибеден өткен студенттерден естідім. Олардың тәжірибесі маған осы тарапта алға бір қадам жасауға серпін берді. Содан соң түрлі компаниялардың ресми сайттарын қарап, өз қызығушылықтарыммен толық сәйкес келетін Airbus компаниясының бос орнына тап болдым», — дейді Мәлика.
Іріктеу бірнеше кезеңнен тұрды: құжат тапсыру, сұхбат және жеке жетістіктер туралы таныстырылым дайындау. Мәликаның NU Motorsports инженерлік студенттік командасындағы белсенділігі мен тау-кен компаниясындағы өндірістік тәжірибесі негізгі мысал ретінде ұсынылды.
Airbus Defence and Space компаниясындағы тағылымдама - нақты жобалармен айналысатын толыққанды ақылы жұмыс. Мәлика инженерлік процестердің тиімділігін арттыруға бағытталған тапсырмалармен айналысады және жерсеріктерді құрастыру мен сынақтан өткізуге жауапты Payload AIT бөлімшесімен жұмыс істеуі мүмкін.
«Бұл - ірі халықаралық инженерлік компаниялардың қалай жұмыс істейтінін өз көзіммен көруге мүмкіндік. Мен тек техникалық емес, жобалық ойлау дағдыларымды да дамытамын деп үміттенемін. Бұл - менің кәсіби даму жолымдағы маңызды қадам», — деегенді айтады Мәлика.
Мәликаның бұл жетістігі - екінші курстан бастап-ақ халықаралық мансап мүмкіндіктері ашық екенін көрсететін нақты мысал. Кейде бұл мүмкіндіктер тіпті Airbus сияқты халықаралық компаниялардан да келіп жатады.