Назарбаев Университеті Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің (SEDS) Химиялық инженерия және материалдар технологиясы кафедрасының профессоры Жұмабай Бәкенов Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының мүшесі болып сайланды.
Токио технологиялық институтын инженерия ғылымдары бойынша PhD дәрежесін алған профессор Бәкенов энергияны түрлендіру және сақтауға арналған материалдар саласындағы жетекші сарапшы болып табылады. Ол сондай-ақ «Астана» ұлттық зертханасы жанындағы Энергетика және алдыңғы қатарлы материалтану орталығын басқарады, онда энергияны сақтау және түрлендіруге арналған материалдар саласында зерттеулер жүргізеді.
2021 жылы профессор Қазақстан Үкіметінің «Үздік зерттеуші» сыйлығымен, 2019 жылы Scopus «Жыл зерттеушісі» сыйлығымен марапатталды. Оның озық энергия сақтау жүйелері мен функционалды наноматериалдарды жасаумен айналысатын ғылыми-зерттеу тобы Назарбаев Университетіндегі ең үлкен халықаралық топ болып саналады.
Профессор Бәкенов халықаралық ғылыми жобаларға белсене қатысып, студент жастардың дамуына үлес қосуда.
Оның ғылыми зерттеулері мен жетістіктері туралы қосымша ақпаратты мына жерден табуға болады.